«Аутизм. Әлем бәрімізге ортақ» бағдарламасы аутистік спектр ауытқулары бар балалардың дертін ерте анықтап, өздеріне және ата-аналарына дер кезінде көмек көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Аутизмі бар балаларға жәрдем ерте диагноз қою, кешенді түрде сауықтыру, сапалы білім беру және әлеуметке бейімдеу принциптеріне негізделген.