Бағдарламаның мақсат-міндеттері

«Асыл мирас. Аутизм. Әлем бәрімізге ортақ» бағдарламасының негізгі мақсаты – ерте диагноз қойып, кешенді түрде сауықтыру, инклюзивті білім беру және әлеуметпен араластыру арқылы аутизмі бар балалардың өмір сапасын арттыру, аутизмді анықтаудан бастап, қоғамда өз бетімен өмір сүруге дейінгі ғұмыр жолына қамқорлық жасау.

Бұл бағдарлама аясында Алматы, Астана, Қызылорда және Өскемен қалаларында аутизмі және даму жөнінен басқа да ауытқулары бар балаларға арнап орталықтар жүйесі ашылады. Балалар мен олардың ата-аналары осы орталықтарда кәсіби мамандардың кеңесін тыңдап, сапалы медициналық және психологиялық-педагогикалық көмек алады, сондай-ақ аутизмі бар балаларға әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу, қоғамға араластыру бойынша қолдау көрсетіледі. Орталықтардағы қызметтің барлығы тегін болады.

Сонымен бірге «Аутизм. Әлем бәрімізге ортақ» бағдарламасы балалар аутизмін скирингтеудің және ерте анықтаудың заманауи озық технологияларын үйреніп, енгізуде, мұндай балаларды әлеуметтік тұрғыдан сауықтырып, интеграциялау ісінде мемлекеттік мекемелерге жәрдемдеседі. Бұл мақсатта аутизмі бар балалармен жұмыс істеуде заманауи озық технологияларды меңгерген шетелдік әріптестеріміз әзірлеген бағдарламалар негізіндегі Қазақстанның медициналық, білім беру және әлеуметтік мекемелеріне арнап оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіледі.

«Аутизм. Әлем бәрімізге ортақ» бағдарламасы әлемнің озық тәжірибесін Қазақстанға енгізу, еліміздің денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың мамандары мен жетекшілерін оқыту және әдістемелік тұрғыдан қолдау мақсатында жұмыс істейді.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында мыналарға қол жеткіземіз:

  1. Қазақстанда аутизмі бар балалар мен олардың отбасыларына арнап орталықтар жүйесі жұмыс істейді;
  2. Аутизмі бар балалар сауықтыру бойынша кәсіби көмек алады, бұл олардың жалпы білім беру мекемелеріне, әлеуметтік өмірге еркін араласуына мүмкіндік береді;
  3. Ата-аналар ақпараттық, консультативтік және психологиялық көмек алады.
  4. АСА-ны (аутистік спектр ауытқулары) скринингтеу және ерте диагноз қою бойынша әлемнің заманауи әдістері зерттеліп, енгізіледі;
  5. Елімізде ерте бастан араласу моделі әзірленеді, оны мемлекеттік мекемелерге енгізу арқылы аутизмі бар балаларды ойдағыдай сауықтыруға мүмкіндік туады;
  6. Қазақстанда аутистік спектр ауытқулары бар балалар мен ересектермен жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандар қалыптасады;
  7. Аутизмі бар балаларға қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары, оларды білім беру жүйесі араластырудың моделі әзірленіп, енгізіледі;
  8. Қалың бұқара аутизм туралы көбірек ақпарат алады, бұл аутистік спектр ауытқулары бар кісілерге түсіністікпен қарау мәдениетін қалыптастырады.

«Аутизм. Әлем бәрімізге ортақ» бағдарламасының аясында Алматы, Астана, Қызылорда және Өскемен қалаларында  аутизмі және даму жөнінен басқа да ауытқулары бар балаларға арнап орталықтар жүйесі ашылады.