Бұл бөлімде аутизм және басқа да соған ұқсас дерт түрлеріне қатысты орыс және ағылшын тіліндегі ресурстарға сілтемелер жинақталған.
Аутизмі бар балаларға арналған «Асыл мирас» орталығы басқа ресурстардың мазмұнына және олар ұсынатын қызметтердің сапасына жауап бермейдіі.

Сайт

Ұйым

Ескерту

Ағылшын тіліндегі сайттар

www.autism-society.org

Америка аутизм қоғамы

Америка аутизм қоғамын  1965 жылы үйлерінде жұмыс істеп жүрген ата-аналардың шағын тобы өз бастамаларымен құрған. Соңғы  35 жыл ішінде бұл мекеме аутизм мәселелері бойынша ақпарат беріп, жол сілтейтін ең негізгі ақпарат көзіне айналды.

www.autism.com

Аутизм мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты

Аутизм мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институты – 1967 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. Институттың басты міндеттері – аутизмнің және басқа да балалар ауруларының шығу себептері, оның алдын алу, диагноз қою және емдеу мәселелері бойынша зерттеу жүргізу және зерттеу нәтижелерін тарату. Бүкіл әлемдегі ата-аналар мен ғалым, дәрігерлерге зерттеудің қорытындылары бойынша ақпараттар ұсынылады.

 

www.autism.org

Аутизм мәселелерін зерттеу орталығы

Аутизм мәселелерін зерттеу орталығы АҚШ-тың Орегон штатындағы Сейлем/Портленд қаласында орналасқан. Орталық ата-аналар мен аутизммен айналысатын сала мамандарына бұл дерт жөнінде, оны емдеудегі түрлі әдістердің тиімділігі жөнінде ақпарат беріп отырады. Зерттеулердің көпшілігі Калифорнияда штаты, Сан-Диего қаласында орналасқан Аутизм мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

www.canfoundation.org

Ата-аналар қоғамы

Ата-аналардың бастамасымен құрылған бұл қоғам аутизм дертінен айықтыратын биологиялық әдістер мен дәрілерді іздеумен айналысады.

www.generationrescue.org

«Жас буынға жәрем» көмек беру тобы.

 

The Handleys компаниясы «Жас буынға жәрдем» көмек беру тобының құрылғанын жариялады. Бұл топтың басты мақсаты – емдік терапия туралы ақпарат таратып, көмек көрсете алатын мамандардың байланыс мәліметтерін жариялап отыру.

Autismspeaks.org

Autism Speaks

Бұл - АҚШ-тағы аутизм мәселелерімен айналысатын ең ірі ұйым. Мұнда ұйымның жұмысы туралы ақпаратпен қоса салаға қатысты соңғы мәліметтер, аутизм бойынша ғылыми жаңалықтар топтастырылған.  Аутизмнің, Аспергер синдромының жалпы мәселелерімен бірге шаштаразға барудың ерекшеліктері сияқты түрлі тұрмыстық қиындықтарды сөз ететін басылымдарын онлайнда оқуға, тегін вебинарларға қатысуға мүмкіндік бар.

Autism.org.uk

Аутизмнің ұлттық қоғамы (National Autistic Society)

Ұлыбританиядағы аутизм мәселелерімен айналысатын ең ірі ұйымның сайты. Сайттан тек ұйымның атқаратын қызметі туралы ақпаратты ғана емес, сондай-ақ сырқат кісілердің өздері, олардың ата-аналары және осындай диагнозы бар балаларды емдеуге, сауықтыруға қатысатын түрлі маман иелері оқып, таныса алатын түрлі мағлұматтар жарияланады. Ақпараттар қарапайым да түсінікті тілде жазылған, онда ғылыми еңбектерге сілтемелер берілген, сондай-ақ аутизмі бар балаларды емдеуге қатысқан кісілер өз тәжірибелерімен бөліскен. Сонымен бірге сайттан түрлі видеоларды, әркелкі шараларда жасаған баяндамаларды тамашалауға болады. Қалағандар электронды поштамен сұрақ қойып, шұғыл желі арқылы байланысқа шығып, көмек ала алады.

Asatonline.org

Аутизмді емдеудегі ғылыми әдістер қауымдастығы (ASAT)

Аутизмі бар адамдардың барлығына білім беру, оларды емдеу және күтіп-баптау сапасын арттыруды мақсат тұтатын коммерциялық емес ұйымның сайты. Бұл ұйым аутизмді емдеуде түрлі көзбояушылықтармен күреседі, науқастарға көмектесуде тек ғылыми тұрғыдан дәлелденген тәсілдерді пайдалануды қолдайды. Сайттан аутизмді емдеудің қазірде бар барлық әдістері, әр әдістің тиімділігіне қатысты қандай зерттеулердің жүргізілгені, ол зерттеулердің қандай нәтиже бергені жан-жақты талданған. 

Grasp.org

Аспергер синдромына байланысты ғаламдық және аймақтық әріптестік (GRASP)

АҚШ-тағы Аспергер синдромы бар адамдар өздері құрып, өздері жұмысын жүргізіп отырған алғашқы ұйым. Бұл ұйымда Аспергер синдромына шалдыққан ересектерге көмек көрсететін топтар бар. Бұған қоса, ұйым мектептер мен университеттерде де білім беру жобаларын жүзеге асырады. Сайттан Аспергер синдромының ерекшеліктері туралы мақалаларды, сондай-ақ бұл дертке шалдыққан кісілердің ой-пікірлерін оқи аласыздар.

Autisticadvocacy.org

Аутистердің өзін өзі қорғау ұйымы (ASAN)

Аутистердің құқықтарын қорғау мақсатында бұл дертке шалдыққан азаматтар өздері құрып, ісін жүргізіп келе жатқан коммерциялық емес ұйым. Оған аутизм диагнозы қойылған жасөспірімдер, ересектер және олардың жақын-жуықтары, сондай-ақ мамандар мүше бола алады. Ұйым аутизмге қатысты қоғамда қалыптасқан көзқарасты өзгертуді мақсат етеді. Сайтта аутистердің құқықтары, олардың қалай кемсітілетіні, аутистерге қатысты даулы мәселелер туралы үнемі жаңартылып отыратын блог жұмыс істейді.

Autism-hub.com

Autism Hub

Сайтта аутизм тақырыбына қатысты түрлі блогтар, соның ішінде ересек аутистердің, мұндай дертке шалдыққан балалары бар ата-аналардың блогтары топтастырылған. Осы сайттың көмегімен блогтарды түрлі категориялары бойынша іздеуге, әр блогтың жаңарғаны туралы ақпараттарды бақылап отыруға болады.

Aspergersyndrome.org

OASIS

Аспергер синдромына шалдыққан балалардың ата-аналары құрған ұйымның сайты. Сайтта мұндай дерті бар балаларды тәрбиелеудің түрлі мәселелерін қамтитын белсенді форум жұмыс істейді. Бұған қоса, осы сайттан Аспергер синдромы бар балаларды оқытуға қатысты мақалалар таба аласыздар.

Autisable.com

Autisable 

Аутистік спектр ауытқуларымен тікелей айналысатындарға арналған блогтардың әлеуметтік желісі. Сайтта көптеген қызықты мақалалар оқып, аутизмі бар балаларды емдеу мен оқытудың түрлі аспектілеріне қатысты пікірталастарды бақылай аласыз.

Rethinkautism.com

Rethink Autism

Аутизмі бар балаларға іс-әрекет әдістері бойынша сабатар ұсынатын ұйымның сайты. Сайттан көптеген тегін видеоларды көріп, аутизмі бар балаларды оқытуға, нақты мәселелерді шешуге қатысты пайдалы кеңестер табуға болады.

Autismmatch.org

Autism Match

Аутизмге шалдыққан баласы бар отбасылардың зерттеулерге қатысуына мүмкіндік беретін сайт. Мұнда бала мүддесінің қорғалатынына және оның қауіпсіздігіне кепілдік беріледі. Жобаның мақсаты – аутизм мәселелерін зерттеуге ықпалдасу. Саладағы ең үлкен мәселе – зерттеуге қатысушылар с  анының аздығы. Бұл сайт осы мәселені шешуге ат салысады.

Autismafter16.com

Аутизм после 16 лет

Жастар мен ересектер арасындағы аутизм мәселесіне арналған сайт. Мұнда жұмысқа тұру, қаржылық қауіпсіздік, жоғары білім алу және ересек аутистердің өмір салты мәселелері кеңінен қозғалады.

Autismasperger.net

Стивен Шордың аутизм және Аспергер синдромы туралы сайты

Аспергер дертіне шалдыққан ересек кісі – Стивен Шордың өзі ашқан ақпараттық сайт. Ол өзі де аутизмі бар балаларға көмектесумен, олардың ата-аналарына көмектесумен айналысады. Сайттан С.Шордың мақалаларын, баяндамаларын және басқа да жалпы ақпараттарды таба аласыз.

Everyonecommunicates.org

Everyone Communicates

Аутизмі бар адамдардың көбі үшін үлкен рөл ойнайтын қосымша және балама коммуникация әдістеріне арналған сайт. Мұнда балама коммуникацияның түрлі әдістері (жеңілдетілген коммуникация, ым-ишара тілі, суреттермен және символдармен алмасу жүйесі) жөнінде ақпарат алып, оларды өзіңізге жүктей аласыз. Сондай-ақ, балама коммуникацияны қолданып жүрген кісілердің және олардың жақындарының әңгімелеріне қанық боласыз.

Autismeurope.org

Autism Europe

Аутизмі бар кісілерді және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Еуропа қауымдастығының сайты. Сайттан бұл ұйымның жұмысы туралы жан-жақты ақпарат білім, оның баспа материалдарын көшіріп алуға болады.

Autism.com

Аутизмді зерттеу институты (Autism Research Institute)

Аутизмді зерттеу институты – 1967 жылы аутист баласы бар ғалым,  психология докторы Бернард Римланд құрған коммерциялық емес ұйым. Ол алғашқылардың бірі болып «аутизм анасы қатал балаларда пайда болады» деген ғылымда орныққан пікірге қарсы шыққан. Осы күні бұл ұйым аутизмді емдеу әдістерін зерттеуге грант бөледі және аутизмге қатысты проблемаларды қаржыландырады, сонымен бірге ақпараттық бюллетень шығарып, ата-аналарға арналған тегін колл-центрлардың жұмысын басқарып отырады. Сайттан аутизмді емдеуге, соның ішінде биомедицина әдістеріне қатысты көп материал табуға болады. Сонымен бірге мұнда ұйымның шараларына қатысып, баяндама жасаған кісілердің онлайн видеоларын көріп, тегін вебинарларға жазылу мүмкіндігі бар.

Spdfoundation.net

Сенсорлық интеграция ауытқуы жөніндегі қор

Бұл қор аутизмі бар кісілерде байқалатын сенсорлық интеграциядағы мәселелермен айналысады. Сайттан бұл ауытқудың симптомдары және сенсорлық интеграцияны емдеудің жолдары жөнінде ата-аналар мен балаларға арналған материалдарды оқуға болады.

Bacb.com

Қолданбалы іс-әрекет анализі бойынша сертификациялау комитеті

 

Әлемдегі аутизмі бар адамдарға көмектесудің ең негізгі және кең тараған әдісі – АВА әдісі бойынша халықаралық сертификациялау комитетінің сайты. Сайттан АВА тұтынушыларына арналған ақпаратты және мамандар туралы мәліметтер оқуға болады.

www.bioautism.org

 

BioAutism Ltd

 

BioAutism – тек аутизмнің шығу себептерін зерттеуді қолдауға бағытталған Австралиядағы қайырымдылық ұйымы.

Орыс тіліндегі сайттар

autism-info.ru

«Аутизм – инфо». Аутизм туралы сөйлесейік...

Ата-аналар мен мамандарға арналған ақпараттық портал.

behavioranalysiseducation.com

Ольга Шаповалованың оқыту курстары

Іс-әрекет теориясы мен практикасының анализі туралы ақпарат

sensint.ru

Сенсорлық интеграция мамандарының қауымдастығы

Сенсорлық интеграция бойынша жұмыс

psyjournals.ru

Психологиялық басылымдар порталы

Психология бойынша басылымдар каталогы

olgadolenko.blogspot.ru

Ерекше бала. Психиатрдың парақшасы. Ольга Доленконың блогы.

 

solnechnymir.ru

 «Біздің шуақты әлем» мүгедек балаларды оңалту орталығы

 

Аутистік спектр ауытқулары және дамудың басқа да проблемалары бар балалар мен жастарды оңалтуды көздейтін, Ресейде құрылған алғашқы (1991 жылдан) ұйымдардың бірі.

outfund.ru

«Выход» қоры

Белгород қаласында аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарының бастамасымен құрылған. Аутизмі бар балаларға кешенді түрде қызмет көрсету ісін дамытуды, соның ішінде инклюзивті білім беру және дертті балалар мен олардың ата-аналарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатын көздейді. 

Outfundbel.ru

«Выход в Белгороде» қайырымдылық қоры

Белгород қаласында аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарының бастамасымен құрылған. Аутизмі бар балаларға кешенді түрде қызмет көрсету ісін дамытуды, соның ішінде инклюзивті білім беру және дертті балалар мен олардың ата-аналарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатын көздейді.

Outfundspb.ru

«Выход в Петербурге» қайырымдылық қоры

Қордың негізін қалаған - «Антон қасымызда» деп аталатын деректі фильмнің режиссері Любовь Аркус. Осы фильмнің арқасында Ресей жұртшылығы ересек аутистер мен олардың отбасы мүшелеріне ешқандай көмек көрсетілмейтінінен хабардар болды. Қордың аясында «Антон қасымызда» атты орталық ашылды, онда аутизммен ауыратын 60-қа жуық ересек адам көмек алады, оқу оқиды. 

Specialtranslations.ru

 «Ерекше аударма» сайты

Кәсіби және әуесқой аудармашылар мен редакторлардың, соның ішінде ерекше балалардың ата-аналарының, түрлі ауытқулары бар балаларды оңалтумен және дамытумен айналысатын мамандардың бастамасымен құрылған еріктілер тобы. Сайтта даму жағынан түрлі ерекшеліктері бар ересектер мен балалар туралы материалдардың аудармалары жарияланып тұрады, материалдардың көбі аутизмге арналған.

Pro-autizm.ru

 «Аутизм туралы» жобасы

Аутистердің әлеуметтік оқшаулануымен күресетін жоба. Сайтта аутистердің өздері мен олардың жақындары жазған материалдар жарияланады.

Autism.ru

 «Отцы и дети» Қорының кітапханасы

Орыстілді Интернеттегі аутизм мәселесін қозғайтын алғашқы сайттардың бірі. Жобаға Санкт-Петербургтегі аутизммен ауыратын балаларға көмектесетін қайырымдылық қоры қолдау көрсетеді. Сайтта аутизм, онымен ауыратын балаларға көмек көрсету туралы мақалалар мен кітаптар өте көп. Сайттан аутизммен ауыратын балалардың және олардың ата-аналарының өмірбаяндарын, ресейлік мамандардың түрлі мақалаларын оқи аласыз.

Ru-happychild.livejournal.com

LiveJournal желісіндегі «Ерекше балалар – бақытты балалар» қауымдастығы

Ерекше балалардың, соның ішінде аутизмнің түрлі формаларымен ауыратын балалардың ата-аналарының қауымдастығы. Жарияланымдардың көпшілігін ашып оқу үшін бұл қауымдастықтың мүшесі болуыңыз керек. Мұнда өмірден алынған оқиғалар көп жарияланады, ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, тәжірибелерімен бөліседі, пайдалы ақпараттарды тапқан кісілер солардың сілтемелерін береді. 

Autism-aba.blogspot.ru

Аутизм. ABA-терапия

Іс-әрекет терапевті Юлия Эрцтің аутизммен ауыратындарға АВА тәсілін қолдану туралы сайты. Аутизмі бар балаларды оқытудың түрлі салалары, АВА әдісі туралы аударма материалдар өте көп.

Autist.narod.ru

Аутизм – ХХI ғасырдың дерті ме?

Аутизммен ауыратын баланың анасы ашқан сайт. Мұнда аутизмді емдеу және түзету туралы материалдар, орыс тіліндегі пайдалы деген кітаптар мен фильмдерге сілтемелер, ата-аналарға қажет болатын мекемелердің мекен-жайлары көрсетілген.

sensoricinru.wordpress.com

Сенсорлық интеграция

Аутизм кезінде жиі кездесетін сенсорлық қабылдаудағы қиындықтар туралы материалдар жинақталған ресурс. Сенсорлық интеграцияны емдеудің, сенсо-моторлық түзетудің түрлі әдіс-тәсілдері осы сайтта сипатталған. 

Deti38.ru

Иркутскідегі ерекше балалар

Даму ерекшеліктері бар балаларға арнап Иркутск қаласында ашылған форум. «Солнечный круг» аймақтық қоғамдық ұйымы қаржыландырады.

Allautism.ru

 All Autism

Түрлі орталық басылымдарда жарияланатын аутизм туралы ақпараттарды топтастыратын орыстілді сайт.

Autismhelp.ru

Балалар мен жасөспірімдерге психологиялық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету орталығы

Мәскеудегі Кашенкин Луг және Архитектор Власов көшелерінде орналасқан мемлекеттік орталықтардың сайты. Бұл – аутизм спекті ауытқуларына шалдыққан балаларға көмек көрсетуге маманданған Ресейдегі жалғыз мемлекеттік орталық. Орталықта балалар мен олардың ата-аналарына жеке түзету қызметі ұсынылады, сонымен қатар мұнда аутизм спектрінің ауытқуына ұшыраған балалар оқитын бастауыш мектеп жұмыс істейді.

Facebook.com/abaclass

Кашенкин Луг көшесіндегі «АВА-класс»

Аутизмнің ауыр түріне шалдыққан балаларды инклюзивті білімге дайындау сыныбының жұмысына арналған «Фейсбуктегі» парақша. Бұл сыныпқа «Выход» қоры қолдау көрсетеді. Парақшадан аутизмі бар балаларды оқытуда АВА әдісін қолдануға қатысты түрлі материалдар бар.

Ccp.org.ru

Емдік педагогика орталығы

Бұл орталық 1989 жылы даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналары мен мамандардың бастамасымен құрылған. Орталық дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға, соның ішінде аутимзге шалдыққандарға әркелкі қызмет түрлерін ұсынады. Бұл ұйым сондай-ақ мамандарды оқытумен де айналысады.

Aba-centre.com

«Белая ворона» орталығы

Мәскеуде АВА-терапия қызметін ұсынатын коммерциялық орталықтың сайты. Осы әдіс бойынша аутизмді түзету қызметін ұсына бастаған Ресейдегі алғашқы ұйымдардың бірі.

Solnechnymir.ru

 «Наш солнечный мир» орталығы

1991 жылдан бері Мәскеуде жұмыс істейтін оңалту орталығы. Аутизмі бар балаларды оқыту және түзету бойынша коммерциялық қызмет түрлерін ұсынады.

Aba-samara.info

Самарадағы ABA

Іс-әрекет сарапшысы Екатерина Жесткованың  сайты. Оның командасы Самара қаласында аутизм кезіндегі іс-әрекеттерді қолданбалық тұрғыдан сараптау бойынша қызмет түрлерін ұсынады.

Dobro.su

Аутист балаларға көмек көрсетудің «Добро»  қоғамы

Мәскеудегі аутизмі бар балаларға көмек көрсететін қайырымдылық қорының сайты. Сайттың негізгі бөлігі – форум. Сонымен қатар, сайтта ұйымның негізін қалаушылар жазған түрлі мақалалар жарияланған.

Институт-коррекционной-педагогики. рф

Түзету педагогикасы институты

Мәскеуде орналасқан Түзету педагогикасы институтының ресми сайты. Ресейде алғаш рет осы мемлекеттік мекемеде аутистік спектр ауытқуларына диагноз қойып, оларды түзету шаралары қолға алынған. Сайтта институттың жасап жатқан жұмыстары туралы ақпараттар жарияланып отырады. Сонымен бірге ата-аналардың қажетіне жарайтын материалдар да жеке топтастырылған.

Zelvetka.pc.mskobr.ru

 «Зеленая ветка» орталығы

Даму ерекшеліктері бар балаларға, олардың ата-аналарына диагноз қою, түзету және білім беру бойынша қызмет көрсететін Мәскеуде орналасқан мемлекеттік мекеме. Орталық қызметкерлерінің көпшілігі - аутистік спектр ауытқуларымен жұмыс істеуде көп тәжірибе жинаған мамандар.

Guidedogs.ru

Ит – мүгедектің көмекшісі

Көзі көрмейтін мүгедектер мен даму ерекшеліктері бар балаларға көмектесетін иттерді дайындаумен айналысатын Мәскеудегі коммерциялық емес мекеме. Ұйым жұмысының бір тармағы - «Солнечный пес» жобасы, бұл жоба бойынша аутизмге және басқа да осы тақылеттес ауру түрлеріне шалдыққан балаларға канис-терапия қызметі ұсынылады.

Rafail-10.ru

«Рафаил» орталығы

Емдік педагогика және әлеуметтік терапия қызметтерін көрсететін «Рафаил» қайырымдылық орталығы. Мұнда интеллектуалдық және психикалық ауытқулары бар мүгедектер мен олардың отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі. Орталық аясында мектепке дейінгі білім беру, бастауыш мектеп оқушыларына білім беру, мектепті бітірген мүгедектерге және мүгедек балалары бар отбасыларға көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді.

Osoboedetstvo.ru

«Особое детство» сайты

Емдік педагогика орталығының жобасы. Сайт дамуында түрлі кемшіліктер бар балалардың ата-аналарына арналған. Мұнда пайдалы әдебиеттердің кітапханасы, көмек көрсететін ұйымдардың деректер базасы және форум бар.

Perspektiva-inva.ru

«Перспектива» қоғамы

Мүгедектігі бар кісілерге, соның ішінде ақыл-есі кем адамдарға білім алу, жұмысқа тұру және өз құқықтарын қорғау бойынша көмек көрсететін мүгедектер ұйымының сайты. Басқа қызмет түрлерін ұсынумен қоса мұнда жұмысқа тұруға көмектеседі және құқықтық жәрдем береді.

Dorogavmir.ru

Өмірге жол

Дамуы кемшін, соның ішінде аутизммен ауыратын балалары бар отбасылардың басын қосатын аймақаралық қоғамдық ұйымның сайты.  «Өмірге жол» ұйымының басты мақсаттары – отбасыларға қолдау көрсету және дамуы кемшін ересектерге көмектесу.   Сайтта ұйымның жобалары, ата-аналардың шынайы өмірден алған әңгімелері және көмек көрсетуші ұйымдар туралы ақпараттар жарияланады.

Сlp.pskov.ru

Псков облыстық емдік педагогика және дифференциалды білім беру орталығы.

 

Псков қалалық Емдік педагогика орталығы үш жастан асқан балаларға түзету қызметін ұсынады, сонымен бірге даму ерекшеліктері бар жасөспірімдерге және 18 жастан асқан ересектерге, соның ішінде аутизммен ауыратындарға қасында еріп жүру және бірге тұру қызметін көрсетеді. Ресейдегі аутизмі бар ересек кісілерге көмек көрсететін ең озық мекемелердің бірі.

Om21.ru

 № 21 технологиялық колледждің жанындағы «Ерекше шеберхана»

Жас балалар мұнда қыш құмыра өндіру, ағаш ұстасы, тоқыма, тігін және көркем полиграфия сияқты кәсіби мамандықтарды меңгеріп шығады. Мұнда Емдік педагогика орталықтарының кәсіби шеберханаларында бұрыннан қалыптасқан оқыту әдістері қолданылады. 2010 жылдың  1 қыркүйегінен бері оқу мерзімі – 6 жыл. Болашақта колледждің жанынан осы жерде білім алған жастарға арнап қолөнер орталығын ашу жоспарланған.

Rooyablochko.ucoz.ru

 «Яблочко» аймақтық қоғамдық ұйымы

Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесуді көздейтін «Яблочко» аймақтық қоғамдық ұйымы  2006 жылы құрылған. Ұйымның басты мақсаты – ақыл-есі кем және денсаулығында басқа да кемістіктер бар мүгедектердің ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жағдай жасалған, ерекше инфрақұрылымы бар орта қалыптастыру арқылы оларды өндіріске етене араластыру. Бұл ұйым, сондай-ақ, түзету қызметтерін ұсынады әрі ақыл-есі бойынша мүгедектігі бар, соның ішінде аутизмге шалдыққан кісілерге арналған шеберханаларға көмек көрсетеді.

Aspergers.ru

 Аспергер синдромы

Аспергер синдромы туралы осы дертке шалдыққан ересек кісілердің өздері ашқан орыстілді сайт. Сайтта Аспергер синдромы туралы ақпараттар мен мақалалар жарияланып тұрады. Сонымен қоса, мұнда синдромды анықтауға байланысты бірнеше онлайн-тест жүйесі және осы мәселелерді талқылайтын форум жұмыс істейді.

Dislife.ru

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған портал

 

Мүгедектер тақырыбына арналған ең үлкен сайттардың бірі. Мұнда мүгедектіктің түрлері мен мүгедектердің тұрмысы туралы түрлі ақпараттар мен мақалалар жарияланып тұрады. Сонымен бірге бұл сайтта танысу қызметі де жұмыс істейді.

Bestbuddies.ru

«Нағыз достар» қайырымдылық қоры

Даму ерекшеліктері бар кісілердің өз арасында достар тауып, өзара қарым-қатынас жасауына, әлеуметпен араласуына ықпалдасуды көздейтін «Нағыз достар» халықаралық қозғалысының Ресейдегі өкілдігі.

Defectolog.by

Дефектолог.BY жобасы

Дефектология саласындағы мамандарға арналған портал. Сайтта мамандарға, ата-аналарға және студенттерге қажетті материалдар топтастырылған.

Logopedy.ru

 Логопеды.ру порталы

Логопедтерге арналған бұл порталда логопедия туралы пайдалы материалдар жинақталған. Осы сайттың көмегімен Ресейдің өзіңе жақын аймағынан логопедті немесе логопедиялық орталықты іздеп табуға болады.

Lechenieautizma.org

Балалар аутизмін емдеудің әдістері туралы

Әсіресе аутист балалардың диетасына қатысты пайдалы ақпараттың сан түрі жинақталған сайт. Сондай-ақ диагностика критерийлері, аутизмнің табиғаты, диета, дәрумендер, биологиялық қоспалар, емдеу әдістері, педагогикалық тәсілдер туралы мағлұмат баршылық.  

Autist.narod.ru

АУТИЗМ –  ХХI ҒАСЫРДЫҢ ДЕРТІ МЕ?

Ольга Власованың сайты. Аутизммен ауыратындарға берілетін дәрі-дәрмектер туралы ақпараттармен қоса, заңнамалық актілер, бағдарламалар, әдістемелер, оқу құралдары және түрлі ұсыныстар жинақталған. Аутизм Ресей және басқа шетелдер басылымдарында жарық көрген мақалалар, аутизм бойынша кітапхана да осында.

Mentalhealth.ru

Балалар аутизмі

Ресей Медицина ғылымдары академиясының Психикалық денсаулық ғылыми орталығы.

Autism-vrn.narod.ru

Воронеждегі аутизммен ауыратын балаларды сауықтыру

 

Аутизм бойынша конференциялар

Ағылшын тілінде:

CSB Autism Council 

Доктор Jaquelyn McCandless сайтындағы форум

AutismWeb.com

Натуропатия мен диетаны қолдану туралы арнайы бөлім бар.

What you need to know about

Аутизм тақырыбы бойынша форум

HealthBoards

Аутизм тақырыбы бойынша форум

Yahoo! Groups: GFCFKids 

Диета мен аутизмнің өзара байланысы жөніндегі форумдар жүйесі

Орыс тілінде:

Форум для обсуждения современных методов лечения аутизма

 

Дети с аутистическими расстройствами личности

 

Форум на autism-vrn.narod.ru

 

Аутизм бойынша орыс тіліндегі мақалалар:

«Аутизм. От теоретического понимания к педагогическому воздействию». Тео Питерс

«Аутизм: определение и диагностика». Ольга Богдашина

«Аутичный ребенок. Пути помощи». О. Никольская и др.

«Почему я прыгаю?». Хигасида Наоки

«Без школы. Юридический путеводитель по семейному образованию и экстернату». Павел Парфентьев

«Детский аутизм: вербально-поведенческий подход». Мэри Линч Барбера

«Руководства по аутизму: для родителей и специалистов». «Выход» Қоры

«Развитие основных навыков у детей с аутизмом. Эффективная методика игровых занятий с особыми детьми». Тара Делани

«Использование компьютера в развитии и социализации детей с особенностями в развитии». Инна Карпенкова

«За стеной. Личный опыт: аутизм и синдром Аспергера». Стивен Шор

«Детский аутизм и АВА. Терапия, основанная на методах Прикладного Анализа». Р.Шрамм

«На ты с аутизмом. Использование методики FLOORTIME для развития отношений, общения и мышления»

Орыс тіліндегі аутизм туралы мақалалар:

Аутизм - это не болезнь

Аутизм - патология или признак гениальности?

Проблема детского аутизма

Секретин: перспективное лечение

Гении хайтека рождают аутистов?

Аутизм. Проблемы детей одаренных в области ИТ

Гении - это люди дождя

Неконтактный ребенок. Ранний детский аутизм

Малышовые болезни: АУТИЗМ

Великобританию охватывает аутизм

Гомеопатия и прививки - Прививки и болезни - Аутизм

Описание Синдрома Аспергера на русском языке 

Великобритания: живые йогурты помогут от аутизма?

США: вакцины и морепродукты, содержащие ртуть, могут быть одной из причин аутизма у детей

Аутизм, вакцины и иммунный ответ

Аутизмді биомедициналық жолмен емдеу әдістері

Nutritional Therapies and Autism

Pepcid® (famotidine) for autistic spectrum disorders
This section of Dr. Linday's web site contains information on Pepcid® (famotidine) for the treatment of children with autistic spectrum disorders

Vitamin B6 and Magnesium”

“What is the right 'dosage' for Vitamin B6, DMG, and other nutrients useful in autism?” Конспективный перевод этой статьи здесь

Melatonin - The Sleep Master An emerging role for this over-the-counter supplement in the treatment of autism

Di-methyl-glycine (DMG) 

Secretin

The Candida Yeast-Autism Connection

Vitamins & Diets and Healthy Options

'Leaky Gut' and the Gluten- / Casein-Free Diet

Autism and the Gluten-Free Diet

Epsom Salts Baths and Autism

Autism Network for Dietary Intervention. The Specific Carbohydrate Diet™ (SCD™) and other grain-free or starch-free dietary interventions

Екпе жасау және аутизм

Ртуть, вакцины и медицина

Ртуть, не идущая из головы

Правда о прививках: занавес приподнят

Вакцинопрофилактика и права человека. Мнения специалистов разных дисциплин. Биохимики 

Вакцинопрофилактика и права человека. Мнения специалистов разных дисциплин. Токсикологи

Глютеинсіз/казеинсіз (GFCF) диета. 
Нені ішуге болады, нені болмайды

GFCF Diet Gluten Free Casein Free

BIG GF/CF FAQs  

Autistic Spectrum and Dietary InterventionДиета бойынша көптеген сілтемелер

Don Wiss's Web Site Collection (mostly gluten-free)

Milk/Casein/Lactose-Free List The No-Milk list (Milk/Casein/Lactose-free mailing list) is an open, unmoderated discussion list for those following a milk/casein/lactose-free diet, and for people with an interest in milk-free issues.

Special Diet for Autism and PDD

Food and Additives to Avoid  GF тыйым салған өнімдер

Safe Foods & Additives  GF рұқсат берген өнімдер

Gluten-Free & Casein-Free (dairy-free) Products Сапасыз өнімдер шығаратын фирмаларды ерекше атап өткен

Introductory FAQs Answering your Frequently Asked Questions about Dietary Intervention for the Treatment of Autism Spectrum Disorders and Pervasive Developmental Disorders

 GFCF ресурстары мен рецептері, балама өнім түрлері туралы материалдарға сілтемелер

Miss Roben's, Food Allergy Solutions. Recipes  1700-нан астам GFCF рецептері. Соның ішінде түрлі тәттілер мен балмұздақ рецептері

The product clearinghouse non-dairy products  Белгілі сүт өнімдерінің орнын алмастыра алатын сүтсіз тағамдар туралы материалдарға сілтемелер

The Gluten-Free Mall, Your Special Diet Superstore 

Helpful Hints  GF тағамын әзірлеуге байланысты сілтемелер

New Diets features gluten free/casein free (GF/CF) recipes 

The Pratt Family Gluten-Free Casein-Free Cookbook

Free cookbooks, right from your printer! Gluten-free Cookbooks

Recipes Implementing a Gluten-Free and Casein-Free Diet

Gluten-Free Recipes 

 SCDрецептері бар ресурстарға сілтемелер

Autism and the Specific Carbohydrate Diet аутизммен ауыратындардың SCD диетасы

Breaking the Vicious Cycle 

Diet for Ulcerative Colitis, Crohn's disease, IBS,Diverticulitis, Celiac