Аутизмі бар баланы дамытып, оны өмірге дайындаудағы ең ауыр жүк ата-ананың иығына түседі. Үй жағдайында түрлі әдістемелерді жүйелі түрде қолданып, сырқаты бар балаға шыдамдылықпен қарағанда ғана аутизмі бар баланың мінез-құлқын түзетуге болады. Түзету тобында не басқа да әлеуметтік мекемеде, немесе үй жағдайында сабақ алып жүрген аутист баланың әлеуметке бейімделуі ата-аналардың, дәрігердің, психолог пен педагогтың үйлесімді жұмыс істей алу мүмкіндігіне тікелей байланысты.

Сайттың бұл бөлімінде аутизмі бар балалардың дамуы мен тәрбиесінде ата-аналарға көмек болатын түрлі әдістемелік материалдар, практикалық құралдар, анықтамалықтар мен ақпараттық материалдар жинақталған. Бұл әдебиеттер, сондай-ақ, балалар аутизмі тақырыбына қызығушылық танытып жүрген барша жұртқа пайдалы болмақ.

Біздің кітапханамызды толықтыруға ниет танытатындар болса, біздің ол кісілерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қызықты болады-ау деген материалдарды autism@asylmiras.org мекен-жайына жіберуді өтінеміз.

Кітапханамыз үнемі жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырады. Мұнда жиі кіріп тұрыңыздар. Сәттілік тілейміз!

Аутистикалық спектрдың бұзушылықтары бар балалардың ұйқысын жақсартуға арналған стратегиялар.pdfБалалардың іш қатуын емдеу жөніндегі нұсқаулық.pdfБалаға дәретханаға баруды үйрету.pdfМінез құлықты қолданбалы талдау.pdf