Біз сіздерді мына мекен-жайда күтеміз:
Попов көшесі, 27 050013, 
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
Телефоны: +7 (727) 232 11 36
E-mail: autism@asylmiras.org

Біз сіздерді мына мекен-жайда күтеміз:
Қарқабат көш., 13, 010010,
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Телефон: +7 (7172) 49 80 00
                +7 (7172) 49 24 52
                +7 (7172) 48 30 23

Біз сіздерді мына мекен-жайда күтеміз: Байсейітов көш., 113А, 120015,
Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы
Телефон: +7 (7242) 26 44 88
                +7 (771) 993 41 94

Біз сіздерді мына мекен-жайда күтеміз:
Киров көшесі, 61
Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы
E-mail: autism@asylmiras.org
Телефон: +7 (7232) 26 69 80
                +7 (7232) 24 14 66

{"coords":{"center":[43.22411261657729,76.93092516931152],"zoom":16},"type":"yandex#map","placemarks":[{"coords":[43.22417538347856,76.93096808465575],"params":{"color":"blue","iconContent":"ул. Попова 27","balloonContentBody":"","balloonContentHeader":"ул. Попова 27"}}],"polygons":[],"lines":[],"routes":[]}
{"coords":{"center":[51.136730000002295,71.47318899999999],"zoom":14},"type":"yandex#map","placemarks":[{"coords":[51.136783998541524,71.47318899999999],"params":{"color":"blue","iconContent":"","balloonContentBody":"","balloonContentHeader":""}}],"polygons":[],"lines":[],"routes":[]}
{"coords":{"center":[44.8466600000199,65.49943699999999],"zoom":15},"type":"yandex#map","placemarks":[{"coords":[44.84678211955219,65.49935116931151],"params":{"color":"blue","iconContent":"","balloonContentBody":"","balloonContentHeader":""}}],"polygons":[],"lines":[],"routes":[]}
{"coords":{"center":[49.9526209224284,82.62327599999998],"zoom":16},"type":"yandex#map","placemarks":[{"coords":[49.95263476725546,82.62326527116393],"params":{"color":"blue","iconContent":"","balloonContentBody":"","balloonContentHeader":""}}],"polygons":[],"lines":[],"routes":[]}
Орталыққа келетін барлық балалар ардақты, ерекше, қайталанбас әрі біз үшін өте маңызды.
Біз үшін әр бала қымбат.
Өзіңіздің және өзгелердің балаларына әрдайым құрметпен қараңыз!
Басқа кез келген бала сияқты аутизмі бар бала да жеке тұлға!

Орталықтың міндеттері

  1. Аутизмі бар балаларға және олардың жақындарына диагностикалық және консультативтік көмек көрсету.
  2. Аутизмі бар балаларға және олардың жақындарына психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету.
  3. Аутистік спектр ауытқулары бар балалардың білім беру мекемелерінде білім алуына жағдай жасау және мұнда оларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау.
  4. Аутизмі бар балаларды сауықтырудағы әлемнің озық тәжірибесін зерттеу және енгізу.
  5. Психологтарға, дефектологтарға, мұғалімдерге және аутизмі бар балаларға білім, тәрибе беру, оларды дамытумен айналысатын жалпы білім беру және арнайы білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мамандарға білім және консультативтік көмек беру.
  6. Аутизмі бар балалар, оларға әлеуметтік, қоғамдық өмірдің барлық салаларында (мемлекеттік білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде ата-аналардың ұйымдары, ақпарат құралдары, ж. т. б.) көмек көрсету мәселелері бойынша ағартушылықпен айналысып, ақпарат тарату. Аутизмі бар балаларға қолдау білдіруге ниетті жандардың барлығымен әріптестік орнатып, бірлесе жұмыс істеу.

Орталықтың көрсететін қызмет түрлері

  1. АСА диагностикасының отандық және әлемдік озық әдістерін (АBLLS, VB-MAPP, АDOS) қолдана отырып медициналық және псхиологиялық-педагогикалық диагностика жасау
  2. АВА-терапия (АВА-терапия әдістерін қолданатын ерте дамыту және мектепке даярлау топтары)
  3. Томатис- терапия
  4. Сенсорлық интеграция әдісі
  5. РЕСS әдісі
  6. Психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог сияқты мамандармен жеке және топтың дамыту сабақтары.
  7. Ата-аналарға кеңес беру және оқыту.

Отандық және әлемдік АСА (АBLLS, VB-MAPP, АDOS) диагностика әдістерін қолданып, медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика жасау

Аутистикалық спектр және дамудың басқа да ауытқуларына дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр, психолог, логопед, педагог-дефектолог сияқты мамандар диагноз қояды. Балаларға диагностика клиникалық, психологиялық-педагогикалық және ADOS, ABLLS сияқты халықаралық стандартталған әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі.

ADOS (аутизм кезіндегі диагностикалық тексеру жоспары) – аутистикалық спектр ауытқулары деп жалпы аталатын аутизм және психикалық дамудың басқа да мәселелерін бағалап, диагноз қоюдың «алтын стандартына» жатқызылады. ADOS-ты интеллект және сөйлеу дағдыларының дамуы әркелкі болып келетін түрлі жастағы балаларға қолдануға болады. Онда баланың өзгелермен қарым-қатынасы мен әлеуметтік әрекеттесуі, ойнауы мен мінез-құлқы стандартты процедуралар негізінде бағаланатын құрылымдалған әдіс қолданылады. ABLLS — аутизм және дамуы жөнінен басқа да мәселелері бар балалардың негізгі дағдыларын бағалау құралы. ABLLS-R бойынша тестілеу нәтижесі ата-аналар мен мамандарға өте көп ақпарат береді, соның негізінде баланың бастапқы дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай дербес оқыту бағдарламасы әзірленеді.

АВА-терапия (АВА-терапия әдістерін қолдана отырып мектепке дайындау, ерте дамыту топтары)

АВА-терапия - Applied Behavior Analysis (Мінез-құлықты қолданбалы талдау)  адам мінез-құлқының жалпы заңдылықтары мен оларды оқыту туралы ілімдерге сүйенеді.  АВА емдеудің мінез-құлықтық әдістерін қолдана отырып, жағымды мінез-құлық белгілерін көбейтіп, қауіпті және проблемалық мінез-құлық белгілерін азайтуда осы заңдылықтарды қолданады.   Сонымен қатар АВА терапия сөйлеу және коммуникация дағдыларын, зейін мен жадын және академиялық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

ABA-терапияның құрамына түрлі әдістер кіреді, бұл аутизмді емдеудің ғылыми негізі бар ең үздік әдісі саналады.

Томатис терапия

Томатис — арнайы аудио-вокалдық жаттығу әдісі. Әдістің мақсаты – мидың есту арқылы алған ақпаратты қабылдап, қорыту мүмкіндіктерін арттыру. Томатис әдісі негізіндегі жаттығулардың арқасында сөзді қабылдау және түсіну процесін қайта жетілдіруге мүмкіндік бар. Бұл жаттығуларды аутистикалық спектр ауытқулары, назардың жетіспеуі синдромы және гипербелсенділік, сөйлеу және психомоторлық дамудың тежелуі, жазу дағдысының дұрыс қалыптаспауы (дисграфия, дислекция) сияқты ауытқу түрлері бар, естіген ақпаратты қабылдап, қорытуда біраз қиналатын, соның кесірінен коммуникация мен білім алуда қиындықтарға ұшырап, әлеуметтік дағдыларын дамытуда артта қалып жүрген балаларға қолданады.

Аудио-вокалдық жаттығулар

А.Томатис негізіндегі аудио-вокалдық жаттығулар баланың ақпаратты қабылдап, игеруге үйретеді, соның арқасында адамдармен қарым-қатынас жасау және әрекеттесу дағдыларын қалыптастырады.

Сенсорлық интеграция әдісі

Сенсорлық интеграция — ағзаның сезімдерін қозғалыс, оқу және қалыпты іс-әрекет мақсатына жұмылдыра алуы. Біз бұл сезімдерді  сезім мүшелері арқылы білім аламыз. Олар: визуалды (көру), дыбыстық (есту), иіс сезу (иіскеу), дәм сезу (дәм тату), тактильдік (ұстап көру), вестибулярлық (орта құлақ) және жердің тартылыс күші.  Аутизмі бар балалардың көбінің сезінуінде ауытқулар болады. Олардың кей сезім мүшелері шектен тыс дамыған немесе керісінше онша дамымаған болуы немесе өз сезімдерін интеграциялай алмауы ықтимал. Сенсорлық интеграция терапиясы баланың сезімталдығын бәсеңдетіп, сезіну арқылы алған ақпаратты қайта құрылымдауына басты назар аударады. Сенсорлық интеграциялық терапияға түрлі сенсорлық стимулдармен арнайы байланыс орнату әдісі де жатады. Бұл терапияның мақсаты – орталық жүйке жүйесінің сенсорлық стимулдарын өңдеу мүмкіндіктерін күшейту, теңгеру және дамыту.

РЕСS (ПЕКС) – коммуникацияның балама жүйесі

РЕСS — баланың негізгі коммуникация дағдыларын тездетіп қалыптастыруына мүмкіндік беретін бағдарлама. РЕСS-тің арқасында бала тез бастама көтеріп, жылдам сөйлей бастайды.  РЕСS-ті қолданатын бала айналасындағылармен ашық қарым-қатынас жасап, ашылып сөйлесе бастайды, соның арқасында вербальдық дағдыларын жинақтауға мүмкіндік туады.

Психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, коммуникацияны дамытушы сияқты мамандармен жеке және топтың дамыту сабақтары.

Мамандардың түзету және дамыту мақсатындағы көмегі балалармен жеке, топтық және консультативтік сабақтар түрінде өтуі мүмкін.

Психолог — баланың коммуникативтік, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын жақсарту бойынша сабақтар өткізеді. Сабақтар ойын терапиясы түрінде жүреді. Ойын барысында бала бөтен адаммен сөйлесуге, әрекеттесуге және әріптестікке дағдыланады, әлеуметтік ойынның негіздерін меңгереді, коммуникативтік дағдыларын және эмоционалдық жағдайын басқаруға үйренеді.

Логопед — сөйлеуді дамытуға байланысты сабақтар өткізеді, пассивті сөздік қорын кеңейтіп, активті сөздік қорын жинақтауға, дұрыс сөйлеуге, сөйлемнің грамматикалық құрылымын, фразалық және мағыналық байланысын нығайтуға машықтандырады.

Дефектолог — баланың танымдық қабілетін дамыту бойынша сабақтар өткізеді. Баланың танымдық әрекеттеріне ойлау, сезіну, зейін, жинақтау және басқа да психикалық функциялары жатады. 

Әлеуметтік педагог – дұрыс киіну, өз қажетін өзі орындау, отбасында және қоғамда өзін ұстаудың қалыптасқан ережелері сияқты күнделікті өмір дағдыларын қалыптастыру бойынша сабақтар өткізеді.

Баланы аутизмі бар балалар орталығына қабылдаудың реті мен шарттары

Балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) консультативтік немесе сауықтыру көмегін алу үшін Аутизмі бар балалар орталығына өз қалауымен не басқа ұйымдардың, мамандардың нұсқауымен келе алады. 

Келгеннен соң бала туралы мәліметтер (баланың аты-жөні, келген күні, бала мен оның ата-анасының төлқұжат мәліметтері) тіркеу журналына жазылады, содан соң ата-анасымен алғашқы кездесу уақыты белгіленеді. Алғашқы қабылдауға ата-аналар баласын ертпей, тек өздері ғана келеді, онда медициналық және әлеуметтік-психологиялық анамнез мағлұматтары жиналады. Өзіңізбен бірге мына құжаттарды ала келгеніңіз дұрыс:

Барлық мағлұматтар жиналған соң екінші кездесу белгіленеді, оған ата-аналар балаларын алып келеді. Баланың психикалық дамуы ұжымдық негізде бағаланады, соның нәтижесінде баланың ата-анасына және заңды өкілдеріне оның жалпы ахуалы, даму деңгейі туралы алғашқы ақпаратпен таныстырылады, аутизмі бар баларды тәрбиелеп, оқытуға байланысты кеңес беріледі.

Балада аутистикалық спектр ауытқуы бар екені анықталған бала Орталық мамандарының қорытындысы мен ұсыныстары негізінде Аутизмі бар балалар орталығынан психологиялық-педагогикалық көмек ала алады.

Орталық мамандары әр балаға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бағдарламасын жасайды. Баланың даму орталығындағы шаралары аяқталған соң ата-ана берілген ұсыныстар негізінде сауықтыру процесін үйде жалғастыруға мүмкіндік алады. Бала тек 6 айдан кейін Орталыққа қайта жатқызылуы мүмкін (Орталық мамандары консилиумының шешіміне байланысты).

Аутизмі бар балалар орталығы жыл бойына күнделікті сағат 9.00- 18.00 аралығында жұмыс істейді.