Артқа қарай

14 сәуірде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) «Аутизм. Қазақстандағы жағдай, болмыс және перспективалар» ғылыми-практикалық форумы болып өтті. Спикерлердің қатарында м.ғ.д., С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ психиатрия және наркология кафедрасының профессоры, ҚР ДМ штаттан тыс бас балалар психиатры Қорлан Зарлыққызы Сәдуақасова; медицина докторы, Назарбаев Университетінің профессоры Чи Кай Чан; медицина профессоры, Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» ЖҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман сөз сөйледі. Аутизмнің тарихы, азық-түлік өнімдерінің адам генетикасына әсері, аутистикалық спектрдің бұзылу белгілері (РАС) бар балаларды қолдау және т.б. сияқты тақырыптар қозғалды. Осы күні ғалымдар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен қорлар, халықаралық және жергілікті сарапшылар РАС белгілері бар балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен, РАС дамуының ерте және кейініректегі кезеңдерінде әр түрлі араласу тәсілдері әдістемелерімен және нәтижелерімен бөлісті. Форум қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне, Білім беру министрлігіне және балалар денсаулығын сақтау ұйымдарына арналған бірқатар ұсыныстары бар қарар әзірленді. Форум ұйымдастырушылары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (ҚазҰМУ) Ішкі аурулар департаменті, Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры (ЖҚҚ) болды. Біз ҚазҰМУ командасына және әсіресе Қорлан Зарлыққызы Сәдуақасоваға алғыс білдіреміз.

ҚАРАР

Форум Қазақстан Республикасының елдегі балалардың психикалық денсаулығын нығайту бойынша талпынысын және білім беру мен тіршілік әрекетінде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін медицинаның, білім берудің, әлеуметтік қолдаудың заманауи жүйелерін құру ниетін мойындай отырып;

Қазақстан Республикасындағы балаларға білім беру қызметтері мен медициналық және әлеуметтік қызметтерді көрсетудің инновациялық әдістемелерін, тәсілдемелерін дамыту және енгізу қажеттілігін белгілей отырып;

Форумға қатысқан ресми медицина және білім беру саласының өкілдерінен, халықаралық сарапшылардан, балалар мен жасөспірімдерді және олардың ата-аналарын қолдау және қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардан (КЕҰ) келіп түскен, Қазақстан Республикасы халқына әлеуметтік қолдау көрсету мен қажетті білім беру қызметтері кешенін ұсыну бойынша және психикалық денсаулығын жақсарту бойынша өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге мультидисциплиналық жүйелік тәсілдемені қолданудың қажеттілігі туралы ақпаратты назарға ала отырып, мамандандырылған психиатриялық жәрдем көрсету бойынша жағдаймен, ПМПК, түзету педагогикасы орталықтарының қызметімен, Қазақстан Республикасындағы білім беру мен тіршілік әрекетінде ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар үшін ҮЕҰ енгізіп отырған инновациялық әдістемелермен танысып шығып:

1.      Денсаулық сақтау министрлігін,  Білім және ғылым министрлігін, Әлеуметтік даму министрлігін және басқа да ведомстволар мен үкіметтік органдарды, балалар мен жасөспірімдерді қолдау және қорғау саласындағы коммерциялық емес ұйымдарды бірлескен түрде мультидисциплиналық, ведомствоаралық тәсілдеме негізінде, қажеттіліктерді құрылымдалған түрде бағалау және оларды қанағаттандыру негізінде; Аутистикалық спектрдің бұзылуы (АСБ) бар балалардың ата-аналарын және азаматтық қоғамды шешім қабылдау және шешімдерді іске асыру үдерісіне кеңінен тарту негізінде, қызметтердің кең ауқымына теңдей қол жеткізуді қамтамасыз ету негізінде, интернет-технологиялардың пайдаланылуымен АСБ бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау саласында атқарылатын жұмыс туралы кеңінен ақпараттандыру негізінде Қазақстан Республикасындағы білім беру мен тіршілік әрекетінде ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді қорғау мен әлеуметтік қодау және медицина, білім беру жүйелерін дамытуға ШАҚЫРАДЫ.

2.      ҚР ДСМ мен Жұмыс тобына қолдау көрсету үшін халықаралық сарапшылардан тұратын Ғылыми-Консультациялық Кеңес (ҒКК) құру жолымен аса тиімділікпен іске асыруға болатын «Қазақстан Республикасындағы АСБ бар балаларға медициналық, түзету-педагогикалық, әлеуметтік жәрдем көрсетуді жетілдіру бойынша жол картасын» іске асыруға кірісуді қажетті және осының уақыты келді деп ЕСЕПТЕЙДІ.  

3.      Қазақстандағы АСБ бар балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін коммерциялық емес ұйымдардың бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бойынша инновациялық әдістерін, құралдарын және оң тәжірибесін жүйелі түрде енгізуді, инклюзивті білім беру бағдарламаларын қоса алғанда әлеуметтік бағдарламаларды дамытудағы коммерциялық емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдар мен агенттіктердің мүмкіндіктері мен тәжірибесін пайдаланудың жаңа жолдары мен механизмдерін дамыту ұсынысымен орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына ҮНДЕУ ТАСТАЙДЫ.

4.      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне,  Қазақстан Республикасы Әлеуметтік даму министрлігіне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қазақстан Республикасы халқында кездесетін АСБ себептерін анықтау және таралуын кең ауқымды клиникалық-эпидемиологиялық зерттеу үшін бюжетте қаржы қаражатын қарастыруды; Қазақстандық мамандарды АСБ бар тұрғындармен жұмыс жасаудың инновациялық жаңа технологиялары мен әдістері бойынша Еуропа және АҚШ елдерінде оқытуды қаржыландурыға қаражат қарастыруды ҰСЫНАДЫ. 

5.      Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарына мынадай КЕҢЕС БЕРЕДІ:

•      АСБ бар балалар мен жасөспірімдердің мүдделерін ілгері жылжыту үшін қоғамның барлық секторларының құрылымдалған ынтымақтастығын дамыту шеңберінде өзара әрекеттестікті нығайту және бірлескен әрекеттер ауқымын кеңейту;

•      шетелдік және жергілікті жетекші ғалымдармен және сарапшылармен бірлескен түрде оқытушылық компонентіне баса назар аударылуымен шығындары бойынша үздік тәжірибелерді, үлгілерді, бағдарламаларды, инновациялық тәсілдемелер мен әдістемелерді енгізу;

•      дәлелдік тәжірибе мен ғылымның заманауи жетістіктері негізінде техникалық кәсіпқойлық деңгейін арттыру;

•      ақпараттық технологияларды дамыту, бағалау мен мониторинг жасау, жобалық және қаржылық менеджмент құралдарын енгізу арқылы ұйымдық деңгейін арттыру;

6.      Халықаралық ұйымдарды олардың мандаты мен қолдарындағы ресурстары шеңберінде келесілерді жасауға ШАҚЫРАДЫ:

•        Қазақстандағы АСБ бар балалар мен жасөспірімдерге қолдау көрсету мәселелері бойынша ҮЕҰ-мен, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен, орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен ынтымақтастықты нығайту, АСБ бар балалардың ата-аналары мен жергілікті ҮЕҰ әлеуетін кеңінен пайдлаану;

•        тиісті техникалық қолдауды қоса алғанда, АСБ бар балалар мен жасөспірімдерге қолдау көрсету саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді, үлгілерді, тәсілдемелерді, әдістемелерді және тәжірибелерді енгізуге жәрдемдесу;

•        АСБ бар балалардың ата-аналары мен қазақстандық ҮЕҰ-лардың ақпараттық ресурстарға және халықаралық сараптамаға кең ауқымды қол жеткізуіне жәрдемдесу.

7.      Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» Жекеше қайырымдылық қорына мынадай КЕҢЕС БЕРЕДІ: