Артқа қарай

2016 жылдың 20 желтоқсаны, Алматы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына жаңа жабдық табысталды.

«Бүгін біздің Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына табыстап отырған жабдық жинақтамамыз шала туылған балаларға жоғары сапалы медициналық көмекті көрсету, оларға күтім жасау үшін аса қажет. Аналар мен балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға кішігірім болса да үлес қосып отырғанымызға қуаныштымыз және де бұл біз үшін үлкен құрмет», - деді «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Қайырымдылық көмек аясында Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жекеменшік қайырымдылық қоры нәрестелерге интенсивті терапия жасайтын бөлімшеге 2 электрлік аспирациялық сорғышты, орталықтандырылған медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған қондырғыны, нәрестелердің өкпесіндегі ауаны жасанды жолмен алмастыратын аппаратты, фототерапияға арналған 4 шамды табыстады.

«Орталықта жыл сайын 7000-нан аса емделушіге, соның ішінде жоғары қауіп-қатер тобына жататын аналардың 3000-ға жуық нәрестесіне көмек көрсетіледі. Оңалту бөлімшесінде дене салмағы айрықша аз және жеткіліксіз  350-ге дейін нәрестеге ем жасалуда. Республикада «Ана атанудың қауіпсіз жолы», «Нәрестелерді оңалту», «Шала туылған нәрестелерге күтім жасау» секіді тиімді көмек көрсету технологиялары ендірілуде. «Асыл Мирас» қорының арқасында осы бағдарламаның нәтижелі қызмет көрсетіп, жүздеген баланың өмірін аман сақтап қалуға көмектесетін жаңа жабдық сатып алынды», - деп атап өтті баспасөз мәжілісі кезінде Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директоры, м.ғ.д. Л.М. Ақтаева.