Артқа қарай

Іс-шараның ашылуында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөзін сөйледі. «Charity Tour de Burabay Қазақстан Республикасында велосипед спортын дамытуға және дәріптеуге жағдай жасап, ем мен оңалтуға мұқтаж болып отырған балаларға ерекше көңіл бөліп отырғанымызды байқатып отыр», - деп атап өтті министр мырза. «Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров ізгі бастаманың жүзеге асуына қолғабыс еткендердің барлығына алғысын білдірді. «Astana Pro Team» командасы бұл іс-шараны жылда кеңінен қолдап отыратынын атап өту қажет.

Велошерудің мәресінен кейін велошерудің әрбір мейманы мен қатысушысы үшін үлкен пикникте тойып тамақтануға, музыкалық ұжымдардың өнерін тамашалап, қайырымдылық аукционының бағалы лоттары үшін арпалыстың куәсі болуға, өзін Шеберлер қаласында суретші ретінде байқап көруге немесе «Асыл мирас» аутизм орталығындағы балалар салған суреттерді сатып алуға мүмкіндік туды.

Charity Tour de Burabay идеясына бастама берген бизнесмен, меценат және «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының негізін салушы Болат Өтемұратов велошеруді ары қарай да өткізуге ниетті екенін жеткізді. Ол алдағы жылдары іс-шараның ауқымы кеңейіп, көптеген балалар көмекке қол жеткізетініне үміт білдірді.

Бес жыл ішінде жиналған қаржы сомасы 14 есеге артып, 463,5 миллион теңге құрады. Ал қатысушылардың саны 7 еседен астамға өсті. 2017 жылы аукционнан 102 900 000 теңге, балалардың суреттер жәрмеңкесінен 684 000 теңге жиналды. Жеке және корпоративтік жарналар 30 416 000 теңгеден асып, меценаттардың жаңашырлық жәрдемі 26 000 000 теңгеге жетті. Әртүрлі жылдарда жиналған қаржы көлемі:

Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры жиналған бүкіл қаржыға келесі медициналық мекемелерге арнап медициналық жабдық сатып алады: Петропавл қаласындағы облыстық балалар ауруханасы, Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталдық орталық, Орал қаласындағы облыстық балалар көпбейінді ауруханасы, Ақтөбе қаласындағы балалар клиникалық ауруханасы, Орал қаласындағы батыс қазақстандық мүгедек балалардың «Бәйтерек» облыстық қоғамдық бірлестігі.

Біз қаражат жинауға өз үлесін қосқан баршасына: велошерудің қатысушыларына, меценаттар мен шерудің демеушілері болған: «Верный Капитал», «Verny Investment Holding», «Банк Kassa Nova», «Forte Bank», «Global Development», «Astana Property Management», «RG Gold», «Kazzinc Holdings», «Beeline Kazakhstan», «Қазақстан Республикасының Теннис федерациясы», «Теннисті дамыту қоры», «Сарыарқа» аэропорты, "Management Service Brokerage", КазУЭФМТ, «Video International», «Алтынтау», «Қазақстан даму банкі», «Южно-Кыргызский Цемент» компанияларына алғысымызды білдіреміз.

Біз сіздерді жиналған қаражаттың ары қарайғы жолы жайында хабардар етіп отырамыз. Және, әрине, сіздерді және достарыңызды тап сол Бурабайда 2018 жылғы VI «Бурабайк» велошеруінде күтетін боламыз!