Артқа қарай

2016 жылдың 5-6 қазанында Астана қаласында  Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры алғашқы «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» халықаралық конференциясын өткізеді. Конференция жұмысына қатысу - Аутистикалық спектр ауытқулары (АСА) туралы көп мәлімет білудің, әлемдік трендтер, заманауи зерттеулер, инновацилар туралы ақпарат алудың, осы саладағы жұмыстар мен қызметтер үлгісінің тиімді әдіс-тәсілдері туралы біліп, тәжірибемен бөлісудің бірегей мүмкіндігі.

Конференцияның мақсаты: Аутистикалық спектр ауытқулары (АСА) бар адамдарға заманауи қоғамда толыққанды өмір сүріп, еркін дамып, білім алуына жағдай жасау мақсатында кәсіби қоғамдастықтың, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылым өкілдерінің күштерін бір арнаға тоғыстыру. Конференция аясында АСА бар адамдарға көмек көрсету мен олардың қоғамға сәтті ықпалдасуы мәселелеріндегі халықаралық және қазақстандық тәжірибелер жиынтықталатын болады. Конференция жұмысына танымал халықаралық ғалымдар мен АСА бойынша АҚШ сарапшылары қатысады, соның ішінде Калифорния университеті, Орегон университеті, Эмори университеті, Эмори Аутизм орталығы, Маркус аутизм орталығы, «Autism speaks», Назарбаев Университеті, және т.б.

Бағдарлама аутизм саласындағы әлемдік және қазақстандық зерттеулердің ең өзекті бағыттарын қамтиды, соның ішінде келесі тақырыптар: АСА бойынша ғылымның заманауи жағдайы, Қазақстандағы аутизм зерттеулері,Диагностика және Скрининг, соның ішінде, қазақстандық тәжірибе, медициналық бағалау мен интервенция, мінез-құлықтық бағалау мен интервенция, жағымсыз мінез-құлықты басқаруды бағалау, мектеп тарапынан қолдау мен интервенция, өз бетімен өмір сүруге өту, отбасы мен туысқандар. Сондай-ақ, қызметтерді ұсынып, Қазақстандағы жүйені жақсарту үдерісіне атсалысатын ұйымдардың ең үздік тәжірибелері ұсынылатын болады.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың соңындағы деректері бойынша Қазақстанда осындай диагнозбен 0-ден 18 жас аралығында 956 бала өмір сүреді, 2014 жылы бұл сан 1456-ны құраған еді. Дегенмен, шын мәнісінде бұндай балалар мен үлкендердің саны одан да көп. Аутистикалық спектр ауытқуларымен ауыратындардың барлығы дұрыс тексерілді деп айта алмаймыз.

«Бүгінгі таңда Қазақстандағы аутизм мәселесі өте өзекті», - деді Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы, доктор Алмаз Шарман – әлемдік статистика бойынша барлық балалардың 1,5%-ының аутистикалық спектрге қатысы бар. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, біздің елде бұл шамамен 2000 кәмелеттік жасқа толмаған балаларды құрайды. Деректер төмендетілген. Өзінің өзектілігі мен маңыздылығына қарамастан, Қазақстанда аутизмге жеткіліксіз назар аударылуда. АСА-сы бар адамдардың мәселесін шешуге білікті түрде кірісу үшін, ең өзекті ақпарат пен тақырып бойынша алдыңғы қатарлы мағлұматтар қажет. Сол себепті де, бізге қажетті мағлұматтарды беру үшін, Астанаға, осы басты тақырыптық конференцияға әлемнің жетекші мамандары келді».

Конференцияға 220- нан аса адам қатысты, соның ішінде: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің өкілдері, 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының профильдік ұйымдары, 30 қоғамдық ұйым, Украина мен АҚШ-тан келген қатысушылар. Конференция қорытындысы бойынша резолюция қабылданатын болады. Оның мәтінін біз конференцияның ресми сайтында жариялайтын боламыз.