Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды көпшілікпен бірге жалпы білім беретін мекемеде оқыту деген сөз. Мүмкіндігі шектеулі бала мүгедектерге арналған арнайы мекемеде білім алса, онда ол қоғамнан тіпті оқшауланып, даму жағынан шектеліп қалады. Басқа балалар сияқты оның да көпшілік ортасында білім, тәрбие алып, қатарластарымен араласуы қажет. Инклюзивті білім дамуында өзгешеліктері бар балалардың қатардағы мектепке барып, басқалармен бірге білім алуына мүмкіндік береді.

Инклюзивті білімді көзімен көрген дені сау баланың жанашырлық, аяушылық және түсіністік сезімдері (психологтар мұны «эмпатия» деп атайды) көбірек дамиды, олар ашық-жарқын араласып, төзімді бола түседі, бұл - әсіресе толеранттылық деңгейі төмен қоғам үшін өте өзекті мәселе. Инклюзивті білім беру ұжымдағы иерархиялық бағыныштылықты азайтады.

Сайттың бұл бөлімінде инклюзивті білім беруге қатысты түрлі мәліметтер жинақталған. Бұл материалдар аутист балалармен жұмыс істейтін мамандарға, ата-аналарға және аутизм мәселесіне қызығушылық танытып жүрген барша жұртқа пайдалы болмақ.