Дәрігерлер арасында «аутизм» деген атпен танылған, ел ішінде кең тараған бұл ауру туралы ғылыми мағлұмат аз. Егер бала қоршаған адамдармен әлеуметтік қарым-қатынасқа түсуге мүлде құлық танытпаса, бір нәрсені қайталап істей бергенді жақсы көрсетін болса, онда оған осы диагнозды қояды. Әлемнің түрлі елдерінің ғалымдары мен медицина қызметкерлері «аутистік спектр ауытқуы» деп аталатын осы бір ғаламдық проблеманы шешудің жолдарын іздеп жатыр.

Бұл бөлімде аутистік спектр ауытқуларына қатысты түрлі зерттеу нәтижелері жинақталады. Бұл материалдар аутист балалармен жұмыс істейтін мамандарға, ата-аналарға және аутизм мәселесіне қызығушылық танытып жүрген барша жұртқа пайдалы болмақ.

Біздің кітапханамызға әдебиет қосып, қызықты деген материалдармен бөліскісі келген кісілер болса, қуана қабылдап, алғысымызды айтамыз. Қажет деген материалдарды autism@asylmiras.org мекен-жайына салып жіберулеріңізді сұраймыз.

Кітапхана үнемі толықтырылып тұрады. Сондықтан, бізге жиі кіріп тұрыңыз! Сәттілік жолдас болсын!