Форум

Тіркелу немесе
Eng Рус Қаз

Бүкіл әлемде М-CHAT деп аталатын бұл тест – 16-30 айлық кішкене балалардағы аутизмді анықтауға лайықталған скирингтік тест. Бұл тест дамуы жағынан қиындықтары бар балаларды мұқият тексеруге, олардағы аутизмнің симптомдарын анықтауға бағытталған.

Бұл тест әлемнің 25-тен астам елінде тиімділігін дәлелдеген және ауқымды зерттеулер барысында сынақтан өткен, соңғы рет 2013 жылы қайта өңделген. M-Chat-R / F көп уақыт алмайды, оны түрлі жағдайларда қолдануға болады және арнайы оқуды талап етпейді. M-Chat-R / F – тегін таратылатын ашық тест.

  • #1

    Бөлменің басқа жағындағы затты көрсетсеңіз, бала оған қарай ма?

    МЫСАЛ: Ойыншықты не жануарды нұсқасаңыз, бала сол ойыншыққа не жануарға қарайды.

    Иә
    Жоқ
  • #2

    «Балам саңырау емес пе?» деп күмәнданған кездеріңіз болды ма?

    Иә
    Жоқ
  • #3

    Бала қиялдайтын немесе сюжеттік-рөлдік ойындарды ойнай ма?

    МЫСАЛ: Бала бос кесемен өтірік шай ішеді, өтірік телефонмен сөйлеседі, қуыршаққа, ойыншыққа өтірік тамақ береді.

    Иә
    Жоқ
  • #4

    Бала заттардың үстіне шыққанды ұната ма?

    МЫСАЛ: Бала жиһазға, алаңқайдағы құралдардың үстіне шыққанды ұнатады.

    Иә
    Жоқ
  • #5

    Бала көзінің алдына саусақтарымен түсініксіз қимылдар жасай ма?

    МЫСАЛ: Бала саусақтарын көзінің тұсына апарып ербеңдетеді.

    Иә
    Жоқ
  • #6

    Бала бірдеңені алғысы келгенде не көмек сұрағанда саусағымен нұсқай ма?

    МЫСАЛ: Бала қолы жетпей тұрған тәттіні не ойыншықты саусағымен нұсқап керсетеді

    Иә
    Жоқ
  • #7

    Бала қызық бірдеңеге назар аударту үшін саусағымен нұсқай ма?

    МЫСАЛ: Бала аспандағы ұшақты, жолдағы мәшинені саусағымен нұсқап көрсетеді.

    Иә
    Жоқ
  • #8

    Балаңыз басқа балаларға қызыға ма?

    МЫСАЛ: Бала басқа балаларға қарайды, оларға жымияды, қастарына барғысы келеді.

    Иә
    Жоқ
  • #9

    Бала сізге көрсету үшін затты көтеріп, сізге алып келе ме?

    МЫСАЛ: Бала сізге гүлді, ойыншықты, машинаны көрсетеді.

    Иә
    Жоқ
  • #10

    Бала атын атап шақырғанға қарай ма?

    МЫСАЛ: атын атап шақырғанда бала сізге бұрылып қарайды, сөйлейді, былдырлайды, істеп отырған ісін тоқтатады.

    Иә
    Жоқ
  • #11

    Балаға күле қарасаңыз, ол да сізге күле ме?

    Иә
    Жоқ
  • #12

    Баланы жай дыбыстар ашуландыра ма?

    МЫСАЛ: Бала шаңсорғыштың дыбысын, шулы музыканы естігенде айқайлап, жылайды

    Иә
    Жоқ
  • #13

    Бала жүре ала ма?

    Иә
    Жоқ
  • #14

    Сіз онымен сөйлескенде, оны ойнатқанда, киіндіріп жатқанда көзіңізге қарай ма?

    Иә
    Жоқ
  • #15

    Бала сіздің істегеніңізді қайталауға тырыса ма?

    МЫСАЛ: Сіз қоштассаңыз, сізге қарап қол бұлғайды, алақанын шапалақтайды, күлкі дыбыстар шығарады.

    Иә
    Жоқ
  • #16

    Сіз бірдеңеге қарау үшін артқа бұрылсаңыз, балаңыз да соны көру үшін артына бұрыла ма?

    Иә
    Жоқ
  • #17

    Бала сізді өзіне қаратуға тырыса ма?

    МЫСАЛ: Бала мақтау күтіп сізге қарап тұрады, немесе «маған қарашы», «бері қарашы» дейді.

    Иә
    Жоқ
  • #18

    Бала оған айтқан сөздеріңізді түсіне ме?

    МЫСАЛ: Қолыңызбен ештеңені көрсетпей, «кітапты орындыққа қой», «маған көрпе әкел» десеңіз, бала бұл сөздерді түсінеді.

    Иә
    Жоқ
  • #19

    Тосын бірдеңе болғанда, сіздің бұл жайтқа қалай қарайтыныңызды білу үшін бала бетіңізге қарай ма?

    МЫСАЛ: Бала әдеттен тыс, тосын дыбыс естісе немесе жаңа ойыншықты көрсе, сіздің бетіңізге қарайды.

    Иә
    Жоқ
  • #20

    Балаңызға қозғалатын іс-әрекеттер ұнай ма?

    МЫСАЛ: Өзін әткеншекпен тербеткенді, тізесіне қойып шайқағанды ұнатады.

    Иә
    Жоқ
Спасибо!
Ваша заявка принята.
Номер записи: 1651002
Қабылдауға жазылу

Ата-анасы туралы мәлімет:

Байланыс күні: 12.08.2015 (16:45)